Өмір бойғы неке

Бүгін біз «Өмір бойғы неке» деген тақырыпты қарастырамыз. Киелі кітапқа сәйкес, ең алғашқы некені Жаратқан Иенің Өзі орнатты. Біз оны адамзат тарихындағы алғашқы неке институты деп атаймыз. Құдайдың бастапқы жоспары бойынша, Адам өзіне лайықты өмірлік серік табуы тиіс еді. Киелі кітапта Адам барлық жануарларға ат қойғаны айтылады, бірақ олардың арасынан оған лайық серік табылмады. Жануарлар көбейю үшін жаратылғанымен, олардың ешқайсысы Адамға тең, оған сай серік бола алмады.