Әділдіктің талаптары

Бүгін біз «Әділдіктің талаптары» деген тақырыпты қарастырамыз. Әрбір адамның өмірінде ұстанатын белгілі бір өлшемдері мен қағидалары бар. Қай елде тұрсаңыз да, қай қалада немесе ауылда өмір сүрсеңіз де, бәрімізге ортақ заңдар мен ережелер бар. Сол заңдар мен тәртіптерге сай әр адам өз өмірін жүргізуі керек. Кейде бұл ережелер жазбаша түрде бекітілмеген болуы мүмкін, бірақ бәрібір олар бар, әрі біз олардың не екенін жақсы білеміз.