Нағыз ұлылыққа қалай жетуге болады

Армысыз, ардақты ағайын, қымбатты тыңдарман! «Үміт ұшқыны» бағдарламасының кезекті санына қош келдіңіздер. Студияда сіздермен бірге — жүргізуші мен Сабыр. Сіздермен эфир арқылы қайта қауышып отырғаныма қуаныштымын. Біз Киелі Жазбаның Жаңа Өсиетіндегі алғашқы кітап — Матай жазған Ізгі хабармен танысып келеміз. Бүгін біз «Нағыз ұлылыққа қалай жетуге болады» деген тақырыпты қарастырамыз. Көптеген адамдар өздері болмауы тиіс нәрсеге ұмтылады. Адам ешқашан Құдай бола алмайды. Ібіліс Хауа ананы «сендер Құдай сияқты боласыңдар» деп азғырғанда, адам жүрегіне өзімшілдік пен тәкәппарлықтың тұқымын септі