Қайта тірілу туралы адасушылық

Құдайдың рақымымен мен әйеліммен әртүрлі елдерге саяхат жасау мүмкіндігіне ие болдық. Сол елдердің кейбір музейлерін аралап, адамдардың жерлеу мәдениетін көрдік. Адамдардың өлгеннен кейін де өмір бар екеніне сенгені анық байқалады. Мүмкін, олардың сенімі Киелі кітаптағыдай дәл әрі толық болмаған шығар. Бірақ өлген адамдарды жерлеу тәсілінің өзі олардың о дүниелік өмірге сенгенін көрсетеді.