Ұлылықты дұрыс түсінбеу

Бүгін біз «Ұлылықты дұрыс түсінбеу» деген тақырыпты қарастырамыз. Ұлылық туралы түсінік әр адамның жүрегінде бар сияқты. Адам баласы табиғатынан биікке ұмтылады, алдыңғы қатарда болғысы келеді, басқаларға ықпал еткісі келеді. «Бірінші болсам», «беделді болсам», «мені тыңдаса» деген жасырын тілек көпшілігіміздің ішкі дүниемізде бар. Кейбіреулер билі…Толығырақ оқу

Иса Мәсіхті кім өлтірді?

Бүгін біз «Иса Мәсіхті кім өлтірді?» деген маңызды әрі терең тақырыпты қарастырамыз. Иса Мәсіхтің өлімі үшін кінә мәселесі ғасырлар бойы талқыланып келеді. Әртүрлі діни ағымдар, халықтар мен топтар бір-біріне кінә артқан кезеңдер болды. Кейбіреулер бұл сұрақтан қашады, кейбіреулер бір халықты немесе белгілі бір топты ғана айыптағысы келеді. Тіпті кей адамдар Исаның шынайы өлгеніне де сенбейді. Алайда Киелі кітап Оның айқышқа шегеленіп өлгенін, жерленгенін және үшінші күні қайта тірілгенін анық баяндайды

Жүзімдіктегі жұмысшылар

Бүгін біз «Жүзімдіктегі жұмысшылар» деген тақырыпты қарастырамыз. Еңбек — қарғыс емес. Еңбек — бата. Дұрыс көзқараспен қарасақ, еңбек тіпті ғибадаттың бір түріне айналуы мүмкін. Жаратқан Ие алғашқы адам Адамға оны орналастырған бақты күтіп-баптауды тапсырды. Сонымен қатар жер бетін толтырып, оны игеруді бұйырды. Демек, еңбек ету — Құдайдың адамға арналған бастапқы жоспарының бір бөлігі.

Иса соңынан ерген шәкірттерін марапаттайды

Бүгін біз «Иса соңынан ерген шәкірттерін марапаттайды» деген тақырыпты қарастырамыз. Меніңше, адамдардың көпшілігі еңбегінің өтеуі болатынын білгенде, әлдеқайда ынталырақ, жауапкершілікпен және табандылықпен жұмыс істейді. Бұл — адам табиғатына тән қасиет. Біз атқарған ісіміздің жемісін көргіміз келеді. Еңбегіміз зая кетпей, соның лайықты сыйын алғымыз келеді.

Мәңгілік өмір сен үшін

Ендеше, сол өмірдің басқа өлшемін қалай білеміз? Мен оны мәңгілік өмір деп атаймын. Оған қалай қол жеткіземіз? Сіз мәңгілік өмірдің дәл өзіңіз үшін екендігін түсінетін күн қандай ғажап болар еді!

Иса балаларды құшақ жая қарсы алды

Бүгін біз «Иса балаларды құшақ жая қарсы алды» деген тақырыпты қарастырамыз. Мен жиі сол заманға қайта оралып, Исаға еріп жүрген қалың халықтың ортасында болуды армандағанмын. Ол керемет әсер болар еді — Оның сөзін есту, Өзін көру. Ал одан кейін кішкентай бала болып, Оның қолын басыма қойып батасын алған қандай ғажап болар еді! Бұл шынымен де жүрекке жылу сыйлайтын сәт болар еді.

Өмір бойғы неке

Бүгін біз «Өмір бойғы неке» деген тақырыпты қарастырамыз. Киелі кітапқа сәйкес, ең алғашқы некені Жаратқан Иенің Өзі орнатты. Біз оны адамзат тарихындағы алғашқы неке институты деп атаймыз. Құдайдың бастапқы жоспары бойынша, Адам өзіне лайықты өмірлік серік табуы тиіс еді. Киелі кітапта Адам барлық жануарларға ат қойғаны айтылады, бірақ олардың арасынан оған лайық серік табылмады. Жануарлар көбейю үшін жаратылғанымен, олардың ешқайсысы Адамға тең, оған сай серік бола алмады.

Әділдіктің талаптары

Бүгін біз «Әділдіктің талаптары» деген тақырыпты қарастырамыз. Әрбір адамның өмірінде ұстанатын белгілі бір өлшемдері мен қағидалары бар. Қай елде тұрсаңыз да, қай қалада немесе ауылда өмір сүрсеңіз де, бәрімізге ортақ заңдар мен ережелер бар. Сол заңдар мен тәртіптерге сай әр адам өз өмірін жүргізуі керек. Кейде бұл ережелер жазбаша түрде бекітілмеген болуы мүмкін, бірақ бәрібір олар бар, әрі біз олардың не екенін жақсы білеміз.

Бейбіт өмір

Бүгін біз «Бейбіт өмір» деген тақырыпты қарастырамыз. Егер мен сіздерден «бейбітшілік дегенді қалай түсінесіздер?» деп сұрасам, жауаптарыңыз әртүрлі болар еді деп ойлаймын. Бірнеше жыл бұрын бір топ суретші бейбітшілікті бейнелейтін суретті қалай салу керектігін талқылапты. Олар әрқайсысы үйіне барып, «бейбітшілік деген не?» деген тақырыпта сурет салып келуге келіседі.

Өмір – байыпты іс

Бүгін біз «Өмір – байыпты іс» деген тақырыпты қарастырамыз. Кейбір адамдар үшін өмір — біркелкі, күн сайын қайталана беретін тіршілік. Олардың өткенінде қуанышпен еске алатындай ештеңе жоқ. Болашағында үміттенетін ештеңе жоқ. Бәрі бірдей: күннен күнге, күннен күнге. Ешқашан ештеңе өзгермейді, ешқашан жақсы жаққа қарай дамымайды.

Нағыз ұлылыққа қалай жетуге болады

Армысыз, ардақты ағайын, қымбатты тыңдарман! «Үміт ұшқыны» бағдарламасының кезекті санына қош келдіңіздер. Студияда сіздермен бірге — жүргізуші мен Сабыр. Сіздермен эфир арқылы қайта қауышып отырғаныма қуаныштымын. Біз Киелі Жазбаның Жаңа Өсиетіндегі алғашқы кітап — Матай жазған Ізгі хабармен танысып келеміз. Бүгін біз «Нағыз ұлылыққа қалай жетуге болады» деген тақырыпты қарастырамыз. Көптеген адамдар өздері болмауы тиіс нәрсеге ұмтылады. Адам ешқашан Құдай бола алмайды. Ібіліс Хауа ананы «сендер Құдай сияқты боласыңдар» деп азғырғанда, адам жүрегіне өзімшілдік пен тәкәппарлықтың тұқымын септі